Келер жылдан бастап елімізде жылжымалы цирктер мен зообақтарға тыйым салынады

Желтоқсан 18, 2024 - 11:21
Желтоқсан 18, 2024 - 11:33
 0  42
Келер жылдан бастап елімізде жылжымалы цирктер мен зообақтарға тыйым салынады

Қазақстанда көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Шын мәнінде жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма қарастырылған. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай көшпелі цирктер, зообақтар және басқаларының қызметі тоқтатылады", – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Министр негізгі цирктерде жануарларды пайдалануға тыйым салу мәселесі әлі жоспарда жоқ екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0