Қаңтарда Қазақстанда ауа-райы қандай болады?

Синоптиктер қаңтар айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды.

Желтоқсан 31, 2024 - 17:25
Қаңтарда Қазақстанда ауа-райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын Атлантикалық циклондар қалыптастырады. Бұл ауа райының тұрақсыздығына алып келеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал.

Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон күтілуде:

Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы;

республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендеу;

елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендеуі;

елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі.

Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:

ҚР солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,

елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.

Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:

солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,

республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.

Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow