Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелестен адам көз жұмды

Қазан 16, 2024 - 22:54
Қостанай облысында түнгі клубтағы төбелестен адам көз жұмды
фото: видеодан скриншот

Қостанай облысының Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адам сөзге келіп қалған. Оның бірі екіншісін жерге құлатып, соққының астына алған. Жәбірленуші содан кейін есін жимаған.

Желіде тараған видеодан күдіктінің қарсыласын көтеріп, еденге лақтырғанын байқауға болады. Содан кейін бетінен бірнеше рет ұрған.

Полиция мәліметінше, оқиға 11 қазанда болған. Ал 41 жастағы ер адам 15 қазанға қараған түні ауруханада көз жұмған. 22 жастағы күдікті қамауға алынды.

Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы («Адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, абайсызда зардап шегушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow