«Әділетсіздіктің құрбаны болды»: Сотталып кеткен актер босап шықты (ВИДЕО)

Желтоқсан 9, 2024 - 17:31
 0  566
«Әділетсіздіктің құрбаны болды»: Сотталып кеткен актер босап шықты (ВИДЕО)
Фото: әлеуметтік желі

Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын.

“Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!”, – деп жазды актер.

Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр.

“Енді тентек болма”, “Аман-есен оралдың, енді киноға түс”, “Қуанғанымнан жылап алдым”, “Әділетсіздіктің құрбаны болып кеткен едің”, “Достарыңның арқасында босап шықты”, – деп жазды көпшілік. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0