«Құттықтап қойыңыздар»: Индира Расылхан хиджабтағылармен құда болды (ВИДЕО)

Желтоқсан 19, 2024 - 17:31
«Құттықтап қойыңыздар»: Индира Расылхан хиджабтағылармен құда болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал әнші Индира Расылханның отбасында жақында дүбірлі той болады. Өнер иесінің үлкен қызы Айдина сырғалым атанды, деп жазады sadaq.kz.

Индира Расылхан бұл қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы қызына құда түскенін хабарлап, оқырмандары үшін құдалықтан арнайы видео жариялаған. Құдағи атанған өнер иесі көпшілікке құдаларын қалай күткенін және «Сырға салу» рәсімі қалай өткенін көрсетті. Әнші енді алдағы уақытта ұзату тойға қызу дайындықты бастайтынын алға тартты.

«Сырға салу дәстүрімізді қайта жаңғыртсақ деген мақсатта, құдаларымызды күтіп, дәстүрімізге сай сый-сыяпатымызды жасап, шығарып салдық. Айдина қызымыз, сырғалым атанды. Ұл өсті, қыз бойжеткен осы екен. Күйеуге шығатын уақыттары да келіп қалғанын байқамаппыз. Әр нәрсе өз уақытында деп өзімді жұбатып қоямын. Ендігі шапқылау сол «Ұзату» болмақ. Құттықтауларыңызды жаудырып жіберіңіздерші жақсыларым! Ақынжанды жақсыларыма құлақтарына алтын сырға. Ұзатуға жақсы сөз керек еді», — деп жазды Индира Расылхан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow