«Қолың сынғыр»: өз әкесі туған қызын шыбықпен ұрған видео жұрттың ашуын туғызды

Желтоқсан 5, 2024 - 16:28
«Қолың сынғыр»: өз әкесі туған қызын шыбықпен ұрған видео жұрттың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай қыз баланы шыбықпен ұрып, осылайша тәрбие бермек болғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Qazaqstanda Instagram парақшасының мәліметінше, оқиға Қырғызстанның Ноокен жерінде болған.

Парақшаның мәліметінше, әйелін ұрып-соғып қуып жіберген әкесымақ қайтпасаң, қызды ұрамын деп қоқан-лоқы жасап видео жіберген. Алайда, көп ұзамай полиция 41 жастағы ер адамды қамауға алғаны белгілі болды.

Желіде таралған видеоға жұртшылық ашулы пікір қалдырды:

«Айуан! Бұндай әкенің барынан жоғы жақсы!», «Қызына қол көтерген еркектердің қолы сынсын!», «Қолың сынғыр, жалмауыз», «Қолдарың отқа ораңғыр. Не өлі емес не тірі емес болып қалғыр. Балаға зар болып өт өмірден», «Бұндайлар ұлтқа бөлінбейді, аяқ қолдарын сындырып, айдалаға лақтырып кету керек қиналып өлсін», - деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????QAZAQSTAN????????DA (@qazaqstanda)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow