«Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес»: Елордадағы мейрамхана басшылығының әрекеті сынға ұшырады

Қазір дәмхана уақытша жұмыс істемейді.

Желтоқсан 9, 2024 - 14:55
Желтоқсан 9, 2024 - 15:03
«Ұжым қазақша сөйлеуге міндетті емес»: Елордадағы мейрамхана басшылығының әрекеті сынға ұшырады
фото: әлеуметтік желіден

Астанадағы Сәкен Сейфуллин, 8 мекенжайында орналасқан Qazaq Cofee кофеханасының басы дауға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған кофехана 2Gis қосымшасында ешбір қызметкері қазақша қызмет көрсетуге міндетті емес екенін жазған.

«Ұжым қызметкерлері қазақша сөйлеуге міндетті емес. Қазақ тілі ешбір мекемеде жалаң түрде қолданылмайды. Мәзірдің өзі 50/50 қазақша және орысша шығады», - деп жазған олар.

Бұл жауап әлеуметтік желіде кеңінен таралып кеткен. Кофехананың 2Gis қосымшасында 7 мыңға жуық пікір қазақ тілінің қолданылуына қатысты жазылған.

Ал филиалдың өзі уақытша жұмысын тоқтатқанын көрсеткен. Әлеуметтік желідегі парақшаларында кофехана бұл қылықтары үшін кешірім сұраған. Кофехана өкілінің айтуынша, бұл пікірді енді жұмысқа кіргелі жүрген адам жазған көрінеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow