10 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов

Желтоқсан 13, 2024 - 11:39
10 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін - Мэлс Елеусізов

Әлемде экологияға қатысты сұрақтар өзекті болып тұр. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бұл туралы Мэлс Елеусізов Климаттың өзгеруі бойынша Дүниежүзілік форумның қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлемде климаттың өзгеруі байқалады. 10 жылдан кейін планета жоқ болуы мүмкін. Бұл дегеніміз адамдардың түсінігінің жоқтығы, табиғатқа салғырт қарауынан. Қазір әлемде су тасқыны болып, жанартаулар атқылап жатыр. Әлемде иммиграция басталады, күшті иммиграция. Адамдар жайлы өмір сүретін мекен іздейді.  Қазақстан да климаттың өзгеруінен зардап  шеккенін көруге болады. Мұздықтардың еруі мен шөлейттену, Іле өзенінің ағынын азайту және Балқаш көлінің тайыздануы байқалады. Аумағымыздың 4%- ы қаңырап бос қалды. Біз аюлардың 44 пайызын жоғалттық. Климаттың өзгеруі, ғаламдық жылыну мәселесі - қазір әлемдік деңгейдегі нөмірі бірінші проблемаға айналып отыр. Климаттың өзгеріске ұшырауы, жаһандық жылыну процестерінің соңы экологиялық апаттарға, экономикалық, саяси тоқырауларға алып келеді. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мәселесінде барлығыңызды бірігуге шақырамын, - деді "Табиғат" экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

Ол сондай-ақ табиғатты қорғауда жас ғалымдардың ойларына құлақ салып, жастардың табиғатқа деген қызғушылығын арттыру керектігін атап өтті.

Енді бізге ең алдымен ғылымды бағалай алатын, нақты ұсыныстарды көтеретін жас ғалымдарды тартумыз керек. Жастардың табиғатты қорғау, ағаш отырғызу сынды әдетін қалыптастырып, экологияға жанашырлығын ояту керек, - деді Мэлс Елеусізов.

Жиын барысында планетадағы мұхиттардың ластанып, адам ағзасына кері әсерін тигізіп жатқандығы айтылды.

Тынық мұхитында өзен жағалары аймағында арал пайда болды. Ол пластик қалдықтардан жасалған.  Микропластиктер адам ағзасына еніп, зиян келтіріп жатыр. Планетадағы мұхиттар өте ластанған. Теңізге әдейі тасталған қалдықтар болса жаһандық теңізді ластау көздері арасында 10%-ды құрады. Мұнай іздеу және өңдеу жұмыстары, яғни теңіз түбін бұрғылау кезінде пайда болған қалдықтар 1% шамасында. Адамдардың теңізді ластауы теңіздің экожүйесін бұзады, теңіздегі әр түрлі табиғи қимылды өзгертеді. Мұның нәтижесінде адамның да денсаулығы нашарлайды. Бұл мәселеге балықтарды бақылаусыз аулау да қосылғанда теңізде тіршілік тоқтап, балықтардың саны да азаяды. Мамандар теңіз және табиғи резервтерді қорғау - адамзаттың тіршілігін жалғастыруы үшін аса маңызды екенін алға тартады, - деді  "Табиғат" экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow