13 жыл күткен баспана: Жетім балалар заңсыз кезектен шығарылған

Шілде 10, 2025 - 11:36
13 жыл күткен баспана: Жетім балалар заңсыз кезектен шығарылған
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы Макинск қаласында екі ағайынды бала жетім ретінде тұрғын үй алуға құқығы бола тұра, 13 жыл бойы кезектен тыс қалып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңға сәйкес, жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға бірінші кезекте құқылы. Алайда жергілікті атқарушы органдар олардың бұл құқығын бұзып, заңды түрде баспаналы болу мүмкіндігінен айырған. Олар 13 жыл бойы жергілікті биліктің заңсыз шешімі салдарынан кезектен тыс қалып келген.

Бұл жағдай тек Бұланды ауданы прокуратурасының араласуынан кейін ғана өзгерген.

"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында Макинск қаласында 13 жыл бойы тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған ағайынды Вездецкийлер баспана алу кезегінен заңсыз шығарылған. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аталған тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған. Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, ағайынды жетім балалар көптен күткен баспаналарына ие болды, деп жазылған Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында."

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow