16 желтоқсанда Қостанайда қайғылы жағдай болды

Жол апатынан үш адам қаза тапты.

Желтоқсан 17, 2024 - 09:26
chat_bubble  0 visibility  51
16 желтоқсанда Қостанайда қайғылы жағдай болды
фото: baq.kz

16 желтоқсан күні Қостанай-Аманқарағай-Сұрған тас жолында бірнеше адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Наша Газета сайты.

Оқиға сағат 15:00 шамасында Қарасу ауданына қарасты Герцено ауылынан 10 шақырым жерде болған. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды, тағы үшеуі Аманқарағай аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың барлығы Toyota Alphard көлігінде болған. Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу жұмыстарын бастады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0