Тарихи жеңіс: 17 жасар Заңғар Нұрланұлы Australian Open жартылай финалына өтті!
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында (Australian Open) жартылай финалға жолдама алды. Бұл — отандық спорт тарихындағы жасөспірімдер арасында тіркелген тұңғыш көрсеткіш, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлемдік рейтингте 12-орында тұрған 17 жастағы Заңғар ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен кездесті. Турнирдің 8-ракеткасы болған отандасымыз алғашқы партияда қарсыласынан 6:3 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте тай-брейкте (7:4) жеңіске жетті.
Шешуші үшінші партияда есеп 3:1 болып, Заңғар алда тұрған сәтте аяғынан ауыр жарақат алды. Соған қарамастан, ол ақсаңдап жүріп ойынды жалғастырды. Қимылы шектелгенімен, шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің арқасында қарсыласын 6:4 есебімен ұтты.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық атанды. Айта кетерлігі, ол өткен жылы АҚШ ашық чемпионатында (US Open) да осындай биікті бағындырып, тарихи нәтиже көрсетті.
Қазіргі уақытта жас таланттың келесі қарсыласы анықталып жатыр. Бүкіл ел болып Заңғардың тезірек сауығып, финалдық кезеңге тас-түйін дайындықпен шығуына тілекшіміз.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0