2008 жылғы жасөспірім қаза тапты: Таиландта қазақтандықтар мінген катер апатқа ұшырады

Қаңтар 12, 2026 - 17:42
 0  0
2008 жылғы жасөспірім қаза тапты: Таиландта қазақтандықтар мінген катер апатқа ұшырады
Фото: видеодан скрин

Таиландта Пхукет аралының жағалауында қазақстандықтар мінген катер балықшы кемесімен соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 11 қаңтар күні сағат 6:55-те (Астана уақытымен) Пхукет жағалауында болған. Катердің суға батуына балық аулайтын кемемен соқтығысуы себеп болған. Салдарынан 2008 жылы туған ресейлік азамат қаза тауып, ондаған турист жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.

Korawich Marine 888 катерінің бортында 55 адам болған. Олар 52 турист пен 3 экипаж мүшесі. Жолаушылар арасында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және өзге елдердің азаматтары бар.

Қатты соққыдан кейін катердің корпусы зақымданып, суға батып кеткен. Оқиғаға қатысты тергеуді Пхукет пен Краби полициясы жүргізіп жатыр екен. 

Катерді басқарған компания арзан турпакеттер ұсынатын оператор ретінде белгілі. Бұған дейін де осы компанияның катерлері апатқа ұшыраған. Бұл қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне қатысты сауалдар туындатып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0