«Қазспецэкспорт» басшысы Арман Рамазанов ұсталды
«Қазспецэкспорт» РМК Бас директоры Арман Рамазанов көрші мемлекеттерден әскери техниканы жеткізу кезінде ұрлық жасады деп күдікке ілініп, ұсталғанын журналист Михаил Козачков хабарлады.
Рамазановпен бірге мемлекеттік компанияның Импорттау жөніндегі департаментінің басшысы Азат Құдабаев та изоляторға қамалған.
«Қазспецэкспорт» - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қару-жарақпен һәм әскери техникамен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Үкіметі құрған, сондай-ақ әскери мүлікті импорттау және экспорттау бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Сонымен қатарт, аталған іс бойынша үш кәсіпкер тергеуге алынды, олардың компаниялары арқылы өте қымбат үстеме бағамен қару-жарақ жеткізілген.
Сіздің реакцияңыз қандай?