Sergek камералары енді айыппұлдың жаңа түрін тіркейтін болды

Желтоқсан 19, 2023 - 11:13
Желтоқсан 19, 2023 - 11:19
Sergek камералары енді айыппұлдың жаңа түрін тіркейтін болды
Фото: polisia.kz

Биыл 11 ай ішінде Қазақстанда 556 жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген. Соның ішінде, 478 адам жаяу жолаушылар жүретін жерде қаза тапқан, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлап отыр. Жолдағы қауіпсіздікті күшейту үшін енді Sergek камералары жаяу адамға жол бермеген жүргізушілерді тіркейтін болды. Бұл бастама алдымен Алматы қаласында сынақтан өтпек. Камераға түскен жүргізушілерге Әкімшілік кодекстің 600-бабы бойынша айыппұл келеді.

“Талдау көрсеткендей, биыл 11 айда 556 жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірген, оның ішінде 478 адам - жаяу жүргіншілерге арналған жермен өтіп бара жатқан”,- дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow