Мәди Ахметов Алматы облысында лауазымды қызметке тағайындалды

Желтоқсан 25, 2023 - 11:28
 0  191
Мәди Ахметов Алматы облысында лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Алматы облысы әкімдігінің сайты

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсынысынан кейін мәжілістегі ең жас депутат атанған Мәди Ахметов бүгін жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды sadaqmedia.

Енді ол Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы болады.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды”,-деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі. 

Дереккөз оның “әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі Менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарғанын” жазған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0