«Қорғас ісі»: тағы бір тұлғаның қолына кісен салынды

Қаңтар 22, 2024 - 12:07
 0  164
«Қорғас ісі»: тағы бір тұлғаның қолына кісен салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бұрынғы қызметкері Кенжебай Жұмабеков қамауға алынды. Бас прокуратураның мәліметінше, экс-шенеунікке азаптау фактілері бойынша тергеу басталған.

"Кенжебай Жұмабеков 11 қаңтарда Алматыда азаптау күдігі бойынша қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ іске қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр",– делінген хабарламада.

Кейбір басылымдар Кенжебай Жұмабековты тұтқындалуын «Қорғас ісімен» байланысты болуы мүмкін екенін жазған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0