55 жасында «жүкті» болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Дәрігерлер әйелдің құрсағында бала жоқ екенін айтты.
"Көреміз" бағдарламасына келген 55 жастағы Ұлдана Есенова жүкті екенін дәлелдей алмай жүр, деп хабарлады Bugin.kz порталы.
Ол ішінде 12 айлық бала бар екендігіне сенімді. Алайда дәрігерлер оның ішінде баланың жоқ екенін айтты. Ал әйелдің туыстары "Ұлдананың балалары "УЗИ аппаратынан көрінбейді" деп ашығын айтуда.
"Таксикоз болды. Мамыр айында қимылдады. Содан сезе бастадым. Ішім өсе бастады. Салмақ қосып бастадым. 6-7 айда аяғым істі. Қазан айының соңы деп есептедім өзім, босанатын уақытты. Қараша айында толғатып көп жүрдім. Түнде толғатамын, күндіз қояды. 1 ай толғатып жүрдім. Табиғи жолмен босана алмадым",- дейді Ұлдана Есенова.
Ал жергілікті дәрігерлер баланың жүрек соғысы естілмегендіктен, әйелдің баласы жоқ деп отыр. "Көреміз" бағдарламасына арнайы КТГ аппаратпен келген дәрігер әйелді тексеру барысында, ішінде нәресте жоқ екендігін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?