«9 жыл күттік»: Елдос «Колобок» отбасындағы көптен күткен жаңалығын жария етті

Шілде 8, 2025 - 09:36
«9 жыл күттік»: Елдос «Колобок» отбасындағы көптен күткен жаңалығын жария етті
фото: видеодан скриншот

ФБелгілі блогер Елдос Қадырханов тоғыз жыл күткен ерекше жаңалығын көпшілікке бөлісті. Ол жұбайы екеуі сәби күтіп жүргенін жария етті, деп жазады Sadaq.kz.

Көпшілікке "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер бұған дейін сәбилі бола алмай жүргенін халық жақсы біледі.

Ол бірнеше ота жасап, жуырда ғана сәбилі болу мүмкіндігі пайда болғанын жеткізген. Ал бүгін жұлдызды жұп көпшіліктен сүйінші сұрап, отбасы үшін дұға еткен жандарға алғысын жеткізді. Блогерлер жақындарын жинап, гендер пати жасады.

"Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазған ол гендер патиден видео жүктеді. Видеодан олар ұл бала күтіп жүргенін, ерлі-зайыпты қуаныштан көз жасын тыя алмағанын көруге болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow