95 университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді – министрлік

Қаңтар 6, 2026 - 13:13
 0  3
95 университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді – министрлік

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында уақыт талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ол 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті қолдану дағдылары енгізілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта 95 университет оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты пәндерді енгізді.

Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы ЖИ бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0