Ақмола облысында үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды

Желтоқсан 1, 2024 - 20:42
 0  26
Ақмола облысында үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды

Ақмола облысы Бұланды ауданы, Шұбарағаш ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, екі бала мерт болды. Өрттің аумағы – үш шаршы метр.

Жеті және үш жасар бала түтіннен уланып, көз жұмды.

Жедел қызмет нөмірлеріне қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді.

Қайғылы оқиғаның себептерін Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынау зертханасының мамандары анықтайды.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0