Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды

Қараша 27, 2025 - 14:50
 0  19
Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Фото: pexels.com

Ведомствоның мәліметінше, Үржар аудандық прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтаған.

Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданған. Сот үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабы бойынша (алаяқтық) 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелген.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0