«Абай қара сөз жазбаған» - әдебиеттанушы
Әдебиет зерттеушісі Төреәлі Қыдыр Абай Құнанбайұлының қара сөздер емес, насихат жазғаны туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Ғалым өзінің бұл сөздеріне дәлел ретінде жазушы Мүрсейіт Бікеұлы тарапынан жазылған қолжазбаны көрсетті.
1905 жылғы Абай шығармаларын жинақтаған жазушының деректеріне сүйенген Төреәлі Қыдыр: «Абай қара сөздер емес, насихаттар жазған», – дейді.
Зерттеушінің айтуынша, «қара сөз» атауы кеңес заманында Мұхтар Әуезов бастаған абайтанушылардың ұсынысымен енгізілген екен.
Айта кетейік, әдебиет зерттеушісі қолданған қолжазба Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақтаулы.
Сіздің реакцияңыз қандай?