Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Шілде 28, 2026 - 14:44
chat_bubble  0 visibility  7
Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын бостандыққа шықты
Фото: Атамекен

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, екі жыл бұрын алаяқтығы үшін сотталған Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, сот оны босату туралы шешімді биыл ақпанда қабылдаған.

"Жазасын өтеу барысында Абылай Мырзахметов төрт рет марапатталған, кейінгісін 2025 жылдың қазанында алды. Мінез-құлқының екінші оң дәрежесі және жеңілдетілген жағдайда ұсталуы жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтініш түсіруге құқық берді, сотталушы осы мүмкіндікті пайдаланды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ҚАЖ департаменті.

Шешімді Павлодар облыстық соты шығарды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0