Абоненттік төлем 23 мың теңге: Қазақстанда Илон Масктың интернеті іске қосылды

Тамыз 13, 2025 - 10:52
Абоненттік төлем 23 мың теңге: Қазақстанда Илон Масктың интернеті іске қосылды

Елімізде Илон Масктың интернеті ресми іске қосылды. Цифрлық даму министрлігі 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін іске қосқандарын хабарлады.

Starlink ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ай сайынғы абоненттік төлем 23 мың теңгені құрайды. Жүйе шалғайда немесе инфрақұрылымы нашар аймақтарда тұратын тұрғындарды, сондай-ақ теңіздегі кемелерді тұрақты интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

SpaceX компаниясы бұл қызметті іске асыру үшін Жер орбитасына 2300-ден астам спутник ұшырғаны белгілі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow