Air Astana арзан билет алған жолаушыларға кино көруге тыйым салған
Тіпті, киноны өз құлаққабымен көруге де рұқсат бермеген.

Әлішер Төреғали есімді азамат Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында Air Astana әуекомпанияға шағымданып жазба қалдырды, – деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оның айтуынша, Air Astana арзан билетпен отырған жолаушыларға ұшақ ішінде кино көруге тыйым салған.
Бізді белгісіз себептермен FlyArystan рейсінен Air Astana-ға аяқасты ауыстырып отырғызды. Алайда билетіміз FlyArystan-нан болғандықтан, ұшақ ішінде фильм көруге тыйым салынды. Түсінгенімдей, дәл осы себепті де кеш ұшқан секілдіміз, – деп жазды ол.
Оның сөзінше, тіпті киноны өз құлаққабымен көруге де рұқсат бермеген. Оқиға 9 шілде күні Астана-Алматы бағытына ұшқанда болған.
Жігіттің бұл жазбасын көпшілік әзіл деп қабылдаған. Десе де, сол жазбаның қаралымы 150 мыңға жеткен. Нәтижесінде, Air Astana үн қатып, бұл жағдайға түсініктеме берген.
FlyArystan рейсі Air Astana ұшағына ауыстырылған жағдайда, қызмет көрсету FlyArystan-ның бюджеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мультимедиялық жүйені пайдалану үшін арнайы құлаққапты жүктеу керек. Ал FlyArystan рейстерінде ондай құлаққаптар берілмейді. Сондықтан бұл қызмет қолжетімсіз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз”, – делінген компания жауабында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






