Әкесін сабаған Түркістан тұрғыны жеңіл жаза сұрады

Қаңтар 14, 2026 - 17:23
 0  31
Әкесін сабаған Түркістан тұрғыны жеңіл жаза сұрады
Фото: видеодан скрин

Түркістан облысында өз әкесін ұрып өлтірді деп айыпталып жатқан Алмас Садақбаевқа сотта 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сотта ауыр қылмыстық іс бойынша жарыссөздер өтті. Өз әкесін аса қатыгездікпен ұрып-соқты деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев кінәсін толық мойындап, сотта жылап, кешірім сұрады.

“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.

Оның адвокаты да соттан қатаң жаза қолданбауды өтінді. Мемлекеттік айыптаушы Алмас Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды сұрады. Үкім ертең, 15 қаңтарда жарияланады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0