«Ақталғым келмейді»: Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті (ФОТО)

Тамыз 25, 2026 - 14:41
 0  24
«Ақталғым келмейді»: Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті (ФОТО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал блогер Аружан Әбілова желідегі парақшасында  хиджабын шешкенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол бұл шешімге келу үшін ұзақ ойланғанын, алдағы уақытта қайта орамалға келетінін айтты.

"Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім…Ешқалай ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз. Алла қайтадан орамалға оралуымды да нәсіп етеді деп сенемін", – деп жазды ол. 

Желі қолданушыларының бір бөлігі  блогердің әрекетін сынға алса, енді бірі қолдау пікірлерін жазды. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0