Ақтауда арнайы операция кезінде екі адам ұсталды

Қазан 6, 2026 - 17:11
chat_bubble  0 visibility  1
Ақтауда арнайы операция кезінде екі адам ұсталды
Фото: ҰҚК

Ақтауда синтетикалық есірткіні заңсыз сату күдігі бойынша екі адам ұсталды. Арнайы операция кезінде түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды sadaq.kz Маңғыстау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазанда Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесті.

Ақтау қаласының 32-шағын ауданында синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен екі ер адам ұсталды.

Тінту барысында және олардың уақытша тұратын жерінде тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық тектес зат салынған көптеген түйіншектер, электронды таразы, орауыш материалдар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар қаланың бірнеше шағын ауданының аумағын тексерген полиция қызметкерлері ұқсас зат салынған жасырын орындарды (закладка) анықтады.

Жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын синтетикалық есірткі заты салынған 41 түйіншек тәркіленді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0