Ақтауда ысталған балық жеген отбасы ауруханаға түскені: 9 жасар бала қайтыс болды
Ақтауда тамақтан уланып, жансақтау бөліміне түскен 9 жасар бала көз жұмды,деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға шамамен екі апта бұрын болған. Бір отбасының төрт мүшесі ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсіп, оларға ботулизм диагнозы қойылған. Барлығы жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, арнайы сарысу алған.
9 жастағы баланың жағдайы аса ауыр болып, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Оған көмектесу үшін Ақтауға Астанадан реаниматолог, инфекционист және невролог мамандар да барған.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, бала кеше, 6 қазанда жансақтау бөлімінде жатқан жерінде қайтыс болған.
Уланғандардың арасында баланың әкесі де бар. Қазір оның жағдайы тұрақты, отбасының тағы екі мүшесі ем қабылдап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0