Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Наурыз 18, 2026 - 10:03
 0  10
Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» және «DAF» автокөліктері соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Полиция жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануды ескертеді», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0