Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апат: прокурор жүргізушіге 10 жыл сұрады
Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты байланысты сот Алматыда өтіп жатыр, деп жазады Sadaq.kz.
Бүгін соттың жарыссөзі басталды. Іске қатысқан прокурор 32 жастағы сотталушы Александр Пакты 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
— Жол-көлік оқиғасына қатысты кешенді сот сараптамасының қорытындысына ерекше назар аударғым келеді. Сараптама тұжырымына сәйкес, соқтығысу алдында көліктің қозғалыс жылдамдығы сағатына шамамен 115 шақырымды құраған. Қала жағдайында, түнде және алкогольдік мас күйінде көлікті мұндай жылдамдықпен басқаруды жай ғана абайсыздық деп бағалауға болмайды. Бұл — жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін саналы түрде өлім қаупін тудыру. Осылайша, сотталушының көлікті мас күйінде басқарғаны, жол жүру ережесін бұзғаны және абайсыздықтан жәбірленушілердің өліміне себепші болғаны сот отырысында зерттелген дәлелдермен толық расталды, — деді прокурор.
Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0