Алакөлге демалуға барған танымал журналист көз жұмды

Маусым 29, 2026 - 15:29
app_badging Маусым 29, 2026 - 16:00
chat_bubble  0 visibility  75
Алакөлге демалуға барған танымал журналист  көз жұмды
Фото: Ашық дереккөз

Абай облысында БАҚ және PR саласының белгілі маманы Әйгерім Мейірқанова  мезгілсіз көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Таныстарының айтуынша, ол Алакөлге демалысқа барғанда көз жұмған. Мейірқанова Әйгерім бірнеше жылдан бері журналистика, PR саласында қызмет атқарған. 

“Ол Алакөлде демалыста болған. Оның қазасы жайлы сіңлісінен естідік. Бізге оның суға батып кеткені туралы айтылды. Кейін жүрегі тоқтап қалған деген де ақпарат пайда болды. Әзірге бұл ақпаратты ресми ешкім растамады. Бұл оның жақындарының айтқаны”, – деді Әйгерімнің әріптесі. 

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады.

“28 маусым күні сағат 17:40-та Мақаншы ауданының полиция бөліміне "103" қызметінің диспетчерінен Алакөл көлінің жағалауында 38 жастағы әйелдің жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Куәгерлердің айтуынша, әйелдің аяқ астынан жағдайы нашарлап, кейін есінен танып қалған.

Аталған факті бойынша Мақаншы ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу нәтижесі мен сараптама қорытындысына сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады", – деді ведомство. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0