Алаяқтар тағы да Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жатыр

Желтоқсан 17, 2024 - 15:37
Алаяқтар тағы да Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жатыр

Алаяқтар қарапайым халықты қойып, лауазымды тұлғаларға ауыз сала бастады, деп жазады sadaq.kz ақпарат порталы.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз Facebook парақшасында алаяқтар өзінің бейнесі мен дауысын жасанды интеллектпен жасап хабарламалар жіберіп жатқанын хабарлады. 

Балаеваның айтуынша, елімізде жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары көбейген. 

«Соңғы уақытта жасанды интеллекттің көмегімен белгісіз алаяқтар мен танитын немесе маған таныс емес тұлғаларға менің атымнан дыбыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеуде. Баршаңызды осындай хабарламаларды елемеуге және белгісіз нөмірлерді бұғаттауға шақырамын» деп жазған министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева  тұрғындарды осындай жағдайлардан сақ болуға жақындарын осындай алаяқтықтардан қорғауға шақырды.

Осыдан бірер ай бұрын да Балаева ханым алаяқтардың шабуылына ұшырағанын хабарлаған еді.

Ол жолы алаяқтар Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқан еді.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады», - делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланатыны ескертілген. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow