«Жазаға тартылсын!»: Ақтау тұрғындары блогерлердің суретін көтеріп көшеге шықты

Маусым 12, 2024 - 22:00
Маусым 13, 2024 - 11:27
«Жазаға тартылсын!»: Ақтау тұрғындары блогерлердің суретін көтеріп көшеге шықты
Фото: видеодан кадр

Ақтаулық тұрғындар жалған кәсіпкердің қызметін жарнамалаған блогерлерді жазалауды талап етті. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындардың сөзінше, 3 жыл бұрын олар интернеттегі жалған ақпаратқа сеніп, ақшаларын “АҚШ-тан iPhone сатып алуға” салған. Алданған азаматтар тек алаяқтарды ғана емес, қызметін жарнамалағандарды да жазалау керек деп есептейді.

Олар өздерінің пікірінше, кінәлі блогерлердің бет-бейнесі бейнеленген плакаттарды іліп, талаптарын қолдады. Әлеуметтік желіде жәбірленушілердің өтініші түсірілген видео пайда болды.

“2020 жылдан бастап, карантиннен бері бізде онлайн сатып алу деген ұғым пайда болды. Бірақ шын мәнінде көбіміз бұл мәселелерді дұрыс түсінбегендіктен, алаяқтардың құрбанына айналдық. Тіпті 70 жастағы адамдар зейнеткерлерді алдап, оларға сенім артады”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, елімізде 2 наурыздан бастап “Онлайн-платформалар және интернет-жарнама туралы” заң күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow