«Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрап, видео жүктеді, деп жазады sadaq.kz.
Өнер иесі екі өнер иесінің дауына нүкте қойды.
«Достар әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін мен осы даудың нүктесін бүгін қойғым келеді. Маған көп танымал адамдар хабарласып жатыр. Мақпал Жүнісова апам хабарласып, ұрысты. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, әрі беделді адам. Кешірім сұра» деп айтты. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын! Шын мәнінде, ол кісі маған адам ретінде көп көмектескен. Ол кісінің барлық еңбегін бағалаймын. Бірақ біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», – деді әнші.
Айта кетейік, Майра Ілиясова әріптес-сіңлісіне “албасты”деп балағаттағанын жазған едік.
“Шүкір! Семіз емеспін, бос сөз айтып күлдірмеймін, мас күйімде сахнаға шықпаймын, ең бастысы – туфлиім де, арым да таза. Бірақ мен үшін бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Әлібидің адвокаттарына, халықтың жинаған ақшасына қатысты өршіген дау-дамайдан кейін, жаздың күні Майра апай, маған «албасты» деді. Міне, мәдениет деген осы болар… Тек бұл жалғаннан ерте озған Мадина Ералиева әпкеме арналған бағдарлама болған соң әруағын сыйлап, түсірімнің аяғына дейін тып-тыныш қана отырдым …Үндемедім, жауап қатпадым ….Бірақ жаман болдым, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






