Александр Бублик жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Бұл нәтижемізге баға беру қиын.

Шілде 29, 2024 - 17:28
 0  96
Александр Бублик жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Фото: Владислав Семенов

Теннисші Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын», - деді спортшы.

Еске салайық, Париж кортында жарысқа түскен Александр Бублик пен Александр Недовесов жеңіліп қалды. Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына есе жіберді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0