«Алланың алдында мен кіммін, кешіремін!»: Таяқ жеген жүргізуші мәлімдеме жасады

Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз.

Ақпан 2, 2024 - 11:20
Ақпан 2, 2024 - 11:21
«Алланың алдында мен кіммін, кешіремін!»: Таяқ жеген жүргізуші мәлімдеме жасады

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали есімді жігіт күдікті Нұрболат Дәкебаевты кешіруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Мен туралы қате ойлап жатқандар бар. Бір таяқ жеп, хайп ұстап жүр деп ойлайтындар табылуда. Бірақ Tik-Tok парақшамды бұрыннан жүргіземін. Жедел-жәрдем жүргізушілігінен бөлек, актер адаммын. Бәрімізде пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Бізде кешіреміз.  Сотаттамын, оны отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ елі аман болсын. Денсаулығыма келсек, бәрі сәтімен жазылып келеді. Мұрынға жасаған бірінші отам сәтті өтті. Енді екіншісі бар. Әрбір қазақ жалғызым. Дұрыс жағынан түсінейік», - дейді Төреғали.

Айта кетейік, бұған дейін күдікті Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы пайда болды. Ол 1 ақпанда полицияға өз еркімен берілгенін айтады. Ал полицейлер өзіміз ұстадық деген болатын.

Ал Төреғали осының алдында таяқ жегеннен кейін мұрны, қабырғасы сынғанын, көзінен жарақат алғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow