Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам қайтыс болды
Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам мерт болды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасында болған. Үш адам жансақтау бөлімінде, ал жасөспірім ауруханада жатыр.
Ағаш екі жеңіл автокөліктің үстіне құлаған. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі жансақтау бөліміне, 11 жасар қыз балалар ауруханасына жатқызылған. Енді біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал 61 жастағы әйелді дәрігерлер аман алып қала алмаған.
"39 жастағы ер адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Бас-ми жарақаты және жүрек пен өкпе зақымданған. Екіншісі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. 34 жастағы ер адам үйіне жіберілді, дәрігерлер бақылауында. 11 жастағы қыз балалар ауруханасына ауыстырылды, жағдайы тұрақты", - дейді аудандық көпсалалы орталық ауруханасының өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0