Алматы облысында көпірді су шайып кетті

Шілде 7, 2026 - 15:31
 0  12
Алматы облысында көпірді су шайып кетті
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында Түрген өзені арқылы өтетін апатты көпір маңын су шайып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде Үлкен Алматы каналы бойындағы автожолда орналасқан пайдаланылмайтын көпірді су шайып кеткені туралы ақпарат тарады. Онда мердігер 2026 жылғы 10 шілдеде құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісетіні және жағдай облыс әкімдігінің бақылауында екені айтылған.

Түрген өзені арқылы өтетін КВ-49 автожолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы-ақ апатты деп танылған. Осыған байланысты онда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

2026 жылғы 1 шілдеде нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, апатты көпірдің айналасындағы топырақты су шайып кетті, – деп хабарлады әкімдік.

Ведомствоның мәліметінше, ескі көпірдің орнына жаңасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған және қаржыландыру қарастырылған.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталған. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары осы айда басталады. Жағдай облыс әкімдігінің бақылауында.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0