Алматы облысында ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті

Мамыр 26, 2025 - 16:26
 0  50
Алматы облысында ұн шығаратын зауытта жарылыс болып, 4 адам зардап шекті

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ұн шығаратын зауытта жарылыс болды. Зардап шеккен төрт адам аудандық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр,- деп жазады Sadaq.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, өрт 1380 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір зауыт маңы қоршалып тұр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өртті 100 маман, 51 техника жұмылып, бес сағат дегенде сөндірген.

Күйік шалғанның жұмысшылардың біреуі - электрик, қалған үшеуі цех шебері болып жұмыс істейді. Дәрігерлер олардың жағдайына қатысты бізге де ақпарат бермеді. Ал компания басшысы зауытта өрт қауіпсіздігі техникалық талаптарға сай, деп отыр. Сондай-ақ науқастарға барлық материалдық көмек көрсетіледі деп уәде етті. 

Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0