Алматы тұрғыны танысын пышақтап тастаған

Ақпан 25, 2026 - 11:37
 0  0
Алматы тұрғыны танысын пышақтап тастаған
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының Медеу ауданында бір-бірін танитын ер адамдар арасында жанжал шығып, соның салдарынан олардың бірі қарсыласына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиғадан соң күдікті өз әрекетінің салдарын түсініп, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Алайда жедел әрекет еткен ЖҚАЖ қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының арқасында ол қысқа уақыт ішінде қолға түсті.

«Біздің жауынгерлер жедел әрі үйлесімді әрекет етті. Негізгі міндет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу. Күдікті оқиға орнына жақын аумақта ұсталды, қазіргі уақытта айналадағы адамдар үшін қауіп жоқ. Біз кез келген жедел міндеттерді орындауға дайынбыз және заң талаптарына қатаң сәйкес әрекет етеміз», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирі Азамат Исергужин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0