Алматыда 17 жастағы жүргізуші көлігімен Есентай өзеніне түсті: анасы екеуі жауапқа тартылды

Тамыз 14, 2025 - 21:34
Тамыз 14, 2025 - 22:43
Алматыда 17 жастағы жүргізуші көлігімен Есентай өзеніне түсті: анасы екеуі жауапқа тартылды
скрин видео

Алматыда жүргізуші көлікпен Есентай өзеніне түсіп жүрген. Куәгерлер түсірген видеода жүргізуші көлікпен Есентай өзенін кешіп, төбесіне заңсыз орнатылған шамды қосып жүргені анық көрінеді, деп жазады Alash.KZ. 

Полицейлер нөмірі жоқ «Тойота» көлігінің жүргізушісін тез арада анықтады.

17 жастағы жеткіншек анасымен бірге полиция бөлімшесіне шақырылды. Бірнеше заңбұзушылық бойынша жауапқа тартылады.

Атап айтқанда, сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзу, мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу, қоғамдық абаттандыру ережелерін бұзу, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы сияқты бірқатар оқиғалар үшін жауапқа тартылды.

Баланың анасы да жауапқа тартылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow