Алматыда 18 жастағы студент алты күннен бері табылмай жатыр

Шілде 8, 2025 - 18:45
Алматыда 18 жастағы студент алты күннен бері табылмай жатыр
Фото: Нұрисламның туыстарынан

Алматыда 18 жастағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Orda.kz редакциясына хабар-ошарсыз кеткен Нұрислам Ақылбековтың туыстары көмек сұрап хабарласты.

Олардың айтуынша, жігіт 2 шілде күні тауға шығып, сол күйі оралмаған.

18 жастағы жігіт достарына жалғыз емес екенін, жанында тағы бір досы бар екенін ескерткен. Алайда Нұрислам досының аты-жөнін айтпаған. Студент жоғалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң, оның туыстары полицияға жүгінді.

«2 шілде күні сағат 15:02-де жігіт Алма-Арасаннан өтті. Оның телефоны 4 шілдеде сағат 21:59-да Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы маңында сөндірілді», — деп мәлімдеді ТЖМ.

Таудағы іздеу шаралары жүріп жатыр. Жастарды Алматы ПД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің өкілдері мен еріктілер іздеп жатыр.

Кеше, 7 шілде күні сағат 13:50-де Алматы қаласының санитарлық авиация қызметінің тікұшағы да іздеуге шықты. Экипаж құрамында төрт адам бары айтылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow