Алматыда бірінші курс студенті ажал құшты

Мамыр 7, 2026 - 11:40
 0  12
Алматыда бірінші курс студенті ажал құшты
Фото: видеодан кадр

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл ақпаратты Abai University медиа орталығы растады.

Қайғылы оқиға 6 мамыр күні шамамен сағат 09.00-де болған. Студент сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Университеттің психологиялық қолдау қызметінің мәліметінше, оқу жылы барысында студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандарға қаралмаған.

Оқиғаның мән-жайы уәкілетті органдар тарапынан анықталуда, тексеру және тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0