Алматыда жаппай төбелес болды
Куәгерлер жанжал туралы полицияға хабарлап, оқиға орнына бірнеше патрульдік экипаж жеткен.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері адамдардың топ болып жиналып, жанжалға ұласуы мүмкін жағдайды дер кезінде байқап, жедел әрекет еткен.
Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар азаматтардың бәрін анықтап, мән-жайды тексеру үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.
«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция төбелескендердің әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін хабарлады.
– Біздің басты міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қызметкерлер тек патрульдеу режимінде болған жоқ, олар жағдайға дер кезінде араласып, болуы мүмкін қақтығыстың алдын алды және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар қабылдады, - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0