Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті

Ақпан 1, 2026 - 22:11
 0  1
Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншіні басып кетті
Фото: Видеодан скрин

31 қаңтарда  Алматы қаласының Алмалы ауданында жүк көлігі жолаушыны қағып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қайғылы оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болды. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Алдын ала болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі оны байқамай, қағып кеткен.  Жыл басынан бері аталған қиылыста екі жол апаты болып, соңы өліммен аяқталған.

Қазіргі уақытта полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Жол апатының барлық мән-жайлары анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0