Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды

Сәуір 6, 2026 - 12:37
 0  5
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол апаты болды
Фото: Видеодан скрин

6 сәуір күні Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында тағы да жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 5:46-да қаланың Медеу ауданында Hyundai маркалы автокөлік жүргізушісі жол апатына ұшыраған.

«Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Hyundai жүргізушісі Меңдіқұлов көшесінің қиылысында көлігін басқара алмай, кедергіге соғылған. Атап айтқанда, оңға бұрылу кезінде жолайрықтың бөлгіш тірегіне соқтығысқан», – деп мәлімдеді ведомство.

Полицияның дерегінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысына медициналық көмек қажет болған, ал автокөлікке айтарлықтай зақым алған.

Апаттың мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.



Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0