Алматыдағы алапат: Кей аудандарда жарық жоқ (ВИДЕО)

Сәуір 8, 2025 - 02:40
Алматыдағы алапат: Кей аудандарда жарық жоқ (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Алматыда қатты жаңбыр жауып, дауыл болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Желі қолданушылары күн райының күрт өзгерген сәтін фото, видеоға түсіріп, бөлісуде.

Қатты найзағай ойнап, нөсер, бұршақ жауған.

Тұрғындардың айтуынша, салдарынан үйлердің шатыры зақымданып, ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр қуаты өшіп қалған.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 сәуірге қараған түні қалада күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады деп күтілуде. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға, автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауға және қатты желден қирап қалатын әлсіз қорғалған құрылыстардың жанына бармауға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow