Алматыдағы нөсерден кейін «тесіліп» қалған көше үшін мердігер жауапқа тартылды

Әкімдік кезектен тыс тексеру өткізген екен

Қыркүйек 25, 2025 - 20:34
Алматыдағы нөсерден кейін «тесіліп» қалған көше үшін мердігер жауапқа тартылды
Фото: ғаламтордан

Алматыдағы нөсер жауыннан кейін шұңқыр қаптаған Аманжол көшесін жөндеген мердігер әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы әкімінің кеңесшісі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматының Қала құрылысы бақылау басқармасы Саин, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің аумағында инженерлік желілерді жүргізіп жатқан мердігер ұйымға қатысты жоспардан тыс тексеріс өткізіп, нәтижесін шығарды. Тексеріс барысында «СпецСтрой Групп ЛТД» ЖШС бірқатар құрылыс нормасын бұзғаны анықталды», - деп жазған әкімнің кеңесшісі телеграмм-арнасына.

Қала құрылысы бақылау басқармасы мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді 2025 жылы 8 қазанға дейін жою жөнінде нұсқама берді.

«Егер белгіленген мерзімде талаптар орындалмаса, іс сотқа жолданып, заң аясында процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлайды ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow