Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтеді
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша алғашқы сот отырысының қашан өтетіні белгілі болды.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталып, алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00–ге белгіленген.
Сот отырысы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0